ҚАЗАҚСТАН АЗИЯНЫҢ ОНЛАЙН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ «АЛТЫН» ЖӘНЕ БІР «КҮМІС» МЕДАЛІН ЖЕҢДІ

Қазақстандық шахмат федерациясы 2020 жылдың 13-21 шілде аралығында 50 және 65 жастан асқан сеньорлар арасындағы шахматтан Азияның онлайн чемпионаты өткізілгені жөнінде хабарлайды. Жарысқа 25 қазақстандық ер және әйелдер шахматшылары қатысты.

Кеше, 20 шілдеде Марат Пірімбетов 65 жастан асқан сеньорлар арасында Азия чемпионы, Надежда Искичекова 65 жастан асқан әйелдер арасында үздік атанды.

Бүгін, 21 шілдеде Елена Анкудинова 2-ші орынды жеңіп, 50 жастан асқан әйелдер арасында Азияның күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, ересектер арасындағы Азияның онлайн чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстанда екі «алтын» және бір «күміс» медалін жеңіп алды. Командалық есепте қазақстандық шахматшылар бірінші болды! Ел абыройын көкке көтерген сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Султан қ., 21 шілде 2020 ж. Ресми сайт: kazchess.kz