АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СЕНЬОРЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

Алматы қаласында 8 мен 18-ші қыркүйек аралығында, сеньорлар арасындағы 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Турнир ФИДЕ ережелеріне сәйкес 9 айналымды швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі.

 Турнир бірнеше категорияда өткізіледі:
– ерлер арасында – 50 жастан жоғарғы топ;
– ерлер арасында- 65 жастан жоғарғы топ;
– әйелдер арасында – 50 жастан жоғарғы топ;

Чемпионатқа ФИДЕ 3.1 мен 3.7 аймақтарының ұлттық шахмат федерацияларының барлық өкілдері рейтинг пен атаққа қарамастан, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 50 және 65 жасқа толғандар қатыса алады. Қатысушылардың саны шектеусіз.

Чемпионатқа қатысу үшін мына құжаттарды kamilya.a@kazchess.kz электрондық поштасына 2019 жылдың 1 тамызына дейін жіберу керек:
толтырылған тіркеу формасын;
– жеке фотосурет;
– паспорттың сканерленген көшірмесі;

Әр ойыншы қатысу үшін төмендегі соманы төлеуге міндетті:
– Азия Шахмат федерациясына кіру жарнасы ретінде $ 25;
– Турнирге тіркеу жарнасы ретінде $ 100 (тіркеу және аккредитация);
– Қонақ үйді брондау үшін төлемақы (жергілікті ойыншылар қонақүйге тапсырыс жасай алады) 2019 жылдың 1 тамызынан соң жүргізілген тіркеу үшін, $ 50 АҚШ доллар мөлшерінде тағы қосымша ақы алынады. Тіркелудің соңғы күні – 9 тамыз.

Қонақтарды бес жұлдызды «Қазақстан» қонақ үйі қарсы алады.
Барлық қонақтар (жергілікті қатусышылардан басқа) осы қонақ үйде жайғаса алады.

Әр категориядағы алғашқы үш орынның иелері (Classic, Rapid, Blitz) алтын және күміс алқаларымен және дипломдармен марапатталынатын болады.

Классикадағы үздік ойыншылардың жүлде қорының сомасы төменде көрсетілгендей:

50+ санатында:
1 орын – $ 500
2 орын – $ 400
3 орын – $ 300
4 орын – $ 200
5 орын – $ 150
6 орын – $ 150

65+ санатында:
1 орын – $ 350
2 орын – $ 200
3 орын – $ 150
4 орын – $ 100
5 орын – $ 100

50 жастан асқан үздік шахматшы – $ 300
65 жастан асқан үздік шахматшы – $ 100

Турнир ережелері
Турнир кестесі

 Толықтырақ