ЖАЛПЫ РЕСЕЙЛІК «АҚ ЛАДЬЯ» ШАХМАТТЫҚ ЖАРЫСЫ

1-11 маусым аралығында, Ресейдің Сочи қаласында орта білім беру мекемелерінің командалары арасында жалпы ресейлік «Ақ ладья» шахматтық жарысы өтеді. Әр команда да 5 қатысушы болады, оның ішінде 4 ойыншы және 1 бапкер. Ойыншылардың бірі — капитан. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Турнир кестесі:
1 маусым – келу
1 маусым, 11:00-23:00 аралығында – қабылдау комиссиясының отырысы
1 маусым, 19:00 – ашылу салтанаты
1 маусым, 20:00 – команда өкілдерінің кездесуі
1 маусым, 22:30 – арбитрлер кездесуі
1 маусым, 23:59 – жеребе тастау
2 маусым, 15:00-19:00 аралығында – 1 раунд
3-10 маусым, 10:00-14:00 аралығында – 2-9 раундтар
10 маусым, 17:00 – жабылу салтанаты және қатысушыларды марапаттау
11 маусым – қатысушылардың қайтуы

Қазақстан атынан турнирге «Ақбозат» мектеп лигасы жарысының жеңімпаздары атанған Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 мектеп-лицей оқушылары қатысады:

— Диас Әлімбетов
— Борис Черкасов
— Мәди Әшімбаев
— Анастасия Перейма

Жекелей жарыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары Ресей шахмат федерациясының медальдарымен және дипломдарымен марапатталады. Финалдық кездесуде алғашқы үш орынға ие болған командалар Ресей шахмат федерациясының кубоктарын, сертификаттарын және арнайы сыйлықтарын алатын болады. Командалар Ресей Спорт министрлігінің медальдарымен және арнайы сертификаттарымен марапатталады. Финалдық кездесулерге қатысқан барлық командалар Ресей Білім және ғылым министрлігінің сертификаттарына ие болады. Финалдық жарысқа қатысқан барлық спортшылар Ресей шахмат федерациясының сувенирлерін сыйлыққа алады.

Турнир регламентін осы жерден жүктеп алуға болады

Толығырақ