БАРЛЫҚ ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕРГЕ АРНЛАҒАН «ВЕЛОШАХ»

19-20 сәуірде Алматыда «Балуан Шолақ» спорт сарайында қазақстандық шахмат федерациясы барлық тілек білдірушілерге «Велошах» ойынын өткізеді. Мұнда ойыншыларға тек ойлау қабілеті ғана емес, сондай-ақ велосипедшілердің төзімділігі де қажет. Бұл іс-шара Алматы марафоны алдындағы жәрмеңкеде өтеді.

«Велошах – бұл ойыншының екеуі де велосипед тренажерларында педалді айналдыра отырып ойнайтын блиц-партия», – дейді Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко. «Біз бұл тәсіл интеллектуалды ойындар дене белсенділігімен үйлесімді деген көзқарасты күшейтетініне сенімдіміз».

Сондай-ақ, екі күн ішінде жәрмеңкеде Жансая Әбдімәлік академияның жаттықтырушысы, гроссмейстер Арсен Егизарянмен, сондай-ақ халықаралық гроссмейстер Рустам Хуснутдиновпен бір мезгілде ойын өткізіледі. Шахматтан шеберлік сабақтарын ChessGarden шахмат мектебінің жаттықтырушысы Асылхан Қараев пен Станислав Зыбин өткізеді. 21 сәуірде марафонда  шахмат блиц турнирі өтеді. Іс-шараға кез-келген адам қатыса алады.

Бір мезгілдегі ойындар, “Велошах” және шеберлік сыныптары 19 және 20 сәуірде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 10: 00-ден 20: 00-ге дейін өтеді. Блиц турнирлер 21 сәуірде 8: 30-дан 11: 30-ға дейін Республика алаңында өтеді.

Іс-шара бағдарламасын жүктеп алу