БРАЗИЯЛЫҚ ШАХМАТШЫ ALMATY OPEN ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛДЫ

Алматыда шахматтық турнир Almaty Open аяқталды. Биылғы жылы оған саны рекордқа жеткен шахматшылар,  апта бойы 3 млн теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін  күрескен, жақын және алыс шетелдердің 12 елінен 165 адам қатысты. «А» турнирінде ЭЛО рейтингі 2100 болған ойыншылар арасында ең мықтысы болып бразиялық Александр Фиер болды.

«Мен осындай үлкен, халықаралық жарысқа қатысуға мүмкіндік пайда болғаны үшін құаныштымын, – деп Александр бөлісті, – Бұл менің шақырылған шахматшы ретінде Қазақстанға келуімнің алғашқысы емес, және де бұл жерге қайта келу маған ұнайды. Қазақстандық спортшылар шеберліктің жоғары дәрежесін көрсетті және де олардың әр-қайсысын Бразилияда, өз отанымның чемпионаттарында көруге құанышты болар едім».

Арал қаласынан келген он бес жасар Мейржан Бармагамбетов рейтингі 2100 дейін болған 125 қарсыласыннан асып, «Б» турнирінде бірінші орынды иеленді.

«Мен үшін бұл әкем арқасында жеткен үлкен жетістік. Мен ешқашан шахмат үйірмелеріне қатысқан емеспін, бірақ әкем әрдайым бұл ойынды ұнататын және де бала кезімнен маған өзінің білімін және тәжіребесін беретін. Ойын оңай болған жоқ – менің қарсыластарым арасында үлкен тәжірибеге ие, ересек шахматшылар да болды, ал бірақ менің жеңіп шығуға ықыласым күштірек болып шықты», – деп Мейржан шындығымен бөлісті.

Жарыстың бас төрешісі Евгений Метелено бұл турнир жылдан жылға әйгілі болып баруына барлық мүмкіндігі бар деп есептейді.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы бізге әлдеқайда көп шетел қонақтар келді. Олардың көпшілігі ұйымдастырудың жоғары дәрежеде болғанын белгілеп өтті. Оған қоса, бұл жолы олар жарыстың басынан бастап бар күшімен ойынға кірісуге мәжбүр болды, себебі біз оларды рейтингтері бойынша және шахматшылар дәрежесі бойынша екі турнирге бөлдік. Бұл турнирдің ең жас және ең жасы үлкен қатысушыларын 3 ұрпақ ажыратты, ал бұл – шахмат шынымен барлығын біріктіретінін білдіреді!».

ҚШФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.