САУАТ НҰРҒАЛИЕВ – ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ

 Шахматшы балалар қазақстандықтарды халықаралық жарыстардағы жеңістерімен қуантуда. Астаналық алты жасар Сауат Нұрғалиев Қытайда өткен шахматтан оқушылар арасындағыАзия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Достары Цезарь деп атайтын Сауат, монғол шахматшысына жол берді. Бұл шілде айындағы жалғыз жеңісі емес. Осы айда ол Арменияда өткен халықаралық “Мемориал Степан Авагяна “Джермук-2017” шахмат фестивалінде пъедестал шыңына көтерілген болатын.

БЕС ЖАСАР АЛМАТЫЛЫҚ ҚЫТАЙДАН ҚОЛА АЛДЫ

Райан Жұмағали Паньцзинде (ҚХР) өткен құрлық біріншілігінде үшінші орынды еншіледі. Райан 7 жасқа дейінгі  жас санаты бойынша өнер көрсетті. Турнирге 22 елден 300-ден аса шахматшылар қатысқан. Чемпионат қорытындысы бойынша Райан 9 мүмкін ұпайдан 6.5 ұпай жинап, жүлделі 3-орынды иеленді. Алматының