12 МЕДАЛЬ, ОНЫҢ 8-І АЛТЫН

Балалар арасындағы Азия чемпионатында жедел және блиц турнирлерінің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 8 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. Назерке Нұрғали, Ксения Балабаева, Зарина Нұрғалиева жасөспірімдер арасында 16 жасқа дейінгі, 14 жасқа дейінгі және 10 жасқа дейінгі жас категорияларында рапид шахматтан алтын медальға ие болды. Қазыбек Нөгербек жедел шахматтан 16 жасқа дейінгі ерлер секциясында бірінші орынды иеленді. Райана Жұмағали, Алуа Нұрманова және Меруерт Камалиденова 8, 12 және 14 жасқа дейінгі жас категорияларында қыздар арасындағы блиц шахматтан ең ұдңк атанды. Дінмұхамед Түлендинов 8 жасқа дейінгі жастар арасында жедел шахматтан алтынды жеңіп алды.

«Бұл жақсы бастама, – дейді Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов, – бірақ демалатын уақыт әлі келе қойған жоқ, алда әлі де классикалық шахматтан 9 раунд бар. Бірақ біз өзіміздің қабілеттерімізге сенімдіміз және үмітіміз ақталады деп күтеміз».

Райана Жұмағали 8 жасқа дейінгі қыздар арасында жедел шахматта екінші орынды иеленді, ал Эдгар Мамедов 10 жасқа дейінгі топта жедел шахматтан қола медальді жеңіп алды. Қазыбек Ногербек 16 жасқа дейінгі ерлер арасында блицтан екінші болды, ал Зарниа Нұрғалиева 10 жасқа дейінгі қыздар арасында шахмат жарыстарында қола жүлдеге ие болды.

Турнир кеше, 2 сәуірде, Шри-Ланканың Калутера қаласында басталды, онда құрлықтың шахмат федерацияларының жас спортшылары классикалық шахматтан, жылдам шахматтан және блиц шахматтан жарысқа қатысуда. Спортшылар Азия чемпионатына  8 жасқа дейінгі, 10 жасқа дейінгі, 12 жасқа дейінгі, 14 жасқа дейінгі, 16 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі 6 жас категориясы бойынша күш сынасуда.

«Бұл – біздің жас спортшыларымыздың халықаралық аренада өз қолдарын сынап көруге керемет мүмкіндік, – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришенко, – Себебі бұл чемпионатқа 23 елден 18 жасқа дейінгі 572 үздік шахматшылар чемпионатқа қатысуда».

Чемпионаттың қорытындысы бойынша шахматшылар тек медальдар мен кубоктарға ие болып қана қоймай, сонымен қатар өз дәрежесін көтеруге мүмкіндік алады. Сонымен, классикалық шахматтан 18 жасқа дейінгі бірінші орын иелері халықаралық шебер атағын, 2 және 3 орын иелері – ФИДЕ шеберлері атағын алады. 16 жасқа дейінгі санаттағы жеңімпаздар ФИДЕ шебері/халықаралық шебер атақтарын, 2-3 орын иелері ФИДЕ шеберіне үміткер атағына ие болады. 12 және 14 жасқа дейінгі санаттардағы бірінші орын иелері ФИДЕ шебері атағын, 2-3 орын иелері ФИДЕ шеберіне үміткер атағына ие болады. 8 және 10 жасқа дейінгі санаттардағы бірінші орын иелеріне ФИДЕ шеберіне үміткер атағы беріледі.

Алғашқы үш орынды иеленген шахматшыларға медальдар мен кубоктар беріледі. 4-тен 10-ға дейінгі орын алған спортшылар арнайы жүлделермен марапатталады. Классикалық шахматтан алтын медаль иегерлері сандық шахмат сағатына ие болады. Шахматшылары ең жақсы нәтиже көрсеткен үш федерация да марапаттар алады.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық ұйымының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қор.