ШАХМАТТАН ЕРЛЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

6-16 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының Синтай қаласында ерлер мен әйелдер арасында шахматтан Азия чемпионаты өтеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер 3 мамырға дейін Қытай шахмат федерациясына төлем жасап, төмендегі құжаттарды Қазақстан шахмат Федерациясына kamilya.a@kazchess.kz электрондық поштасына тапсыру керек:

  1. Қатысу туралы өтінім (жүктеп алу);
  2. Визаға өтінім (жүктеп алу);
  3. Паспорттардың сканерленген көшірмелері;
  4. Сандық фотоңыз;
  5. Төлемді растайтын құжаттардың көшірмесі.

Міндетті төлемдер:

  • тіркеу жарнасы – 100 АҚШ доллары;
  • ресми қатысушылар үшін жарна – 150 АҚШ доллары, қосымша қатысушылар үшін – 300 АҚШ доллары;
  • 10 күн бойы бір адамға қонақүйде тұру құны (күніне 3 тамақтану): бір орындық бөлме – 1133 АҚШ доллары, екі орындық бөлме – 716 АҚШ доллары.

Құжаттар 24 сәуір сағат 17:00-ге дейін қабылданады.

Осы күннен кейін түскен өтініштер тіркелмейді. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген барлық баптар бойынша толық төлем расталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Төлем туралы түбіртекте  қатысушының аты және нақты төлемі көрсетуі керек.

Барлық құжаттар бір электрондық хатта жіберілуі керек.

Төлем жасау деректемелері:
«Қазақстандық шахмат федерациясы»
Республикалық қоғамдық бірлестігі
BIN 911240001354, Kbe 18
Теңге есепшоты (жеке тұлғалар салымы үшін).
KZ06826A1KZTD2022470«АТФБанк» АҚ-да BIC ALMNKZKA
КНП 119

 Жарыс ережелері