МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

19-29 маусым аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында оқушылар арасында Азия Чемпионаты өтетін болады.

Жарысқа қатысам деушілер 19 мамырға дейін Өзбекстан шахмат федерациясына төлем жасаулары керек, дәлірек айтқанда:

Тіркелу үшін төлем – ресми қатысушылар үшін, қосымша қатысушылар үшін  және ертіп жүретін адамдар үшін 125 USD,

ресми қатысушылар үшін турнирлік төлем — 75 USD, қосымша қатысушылар үшін 150 USD,

әр адам үшін қонақ үйде тұру құны (3 мезгіл тамақтану) — бір адамдық орын құны 120 USD, екі адамдық нөмір 95 USD, үш адамдық нөмір 90 USD.

Сонымен қатар, 19 мамырға дейін sabyr.b@kazchess.kz электронды поштасына:
— қатысу туралы өтінішті (жүктеп алу);
— төлем туралы құжаттардың көшірмесін жіберу керек;

Хаттың тақырыбы «Оқушылар арасындағы Азия Чемпионаты, Өзбекстан» болуы тиіс.

Құжаттарды 19 мамыр сағат 17.00-ге дейін қабылдаймыз. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша толық төлем жасалған жағдайда ғана қабылданады. Төлем туралы квитанцияларда төлем жасаған қатысушының толық аты-жөні және төлемнің не үшін жасалғаны толық көрсетілуі тиіс. Барлық құжаттарды электронды поштаға бірхат түрінде жіберу керек.

Төлем жасау үшін реквизиттер:

Beneficiary Name: Uzbekistan Chess Federation
Address: 98A Karimov str., Tashkent, Uzbekistan
US Dollar Acc: 2021 2840 2001 7827 6009
Bank Name: P.J.S.C. DAVR-BANK
Bank Address: Navoi-Zarkaynar str. Block A, Tashkent, 100021
SWIFT CODE: DVRBUZ22

Жарыс регламенті