ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ, ИНДОНЕЗИЯ

2019 жылдың 30 маусымымен 9 шілдесі аралығында Индонезияның Ява аралында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия Чемпионаты өтеді.

Турнир кестесі:

30 маусым, 12:00 – келу, тіркелу
30 маусым, 20:00 – техникалық кеңес
01 шілде, 10:00 – ашылу салтанаты
01 шілде, 11:00 – рапид турнирі (1-7 тур)
02 шілде, 09:00 – 1 тур классикалық шахмат
02 шілде, 15:00 – 2 тур
03 шілде, 14:00 – 3 тур
04 шілде, 09:00 – 4 тур
04 шілде, 15:00 – 5 тур
05 шілде, – демалыс
06 шілде, 09:00 – 6 тур
06 шілде, 15:00 – 7 тур
07 шілде, 14:00 – 8 тур
08 шілде, 09:00 – 9 тур
08 шілде, 15:00 – блиц турнирі (1-7 тур)
08 шілде, 19:00 – Жабылу салтанаты
09 шілде, 12:00 – қатысушылардың қайтуы

Жарысқа қатысуға үмітті жандар 1 маусымға дейін Индонезия шахмат федерациясына төлем жасауға міндетті.
Сонымен қатар, қатысушылар 30 сәуірге дейін Қазақстан шахмат федерациясына «20 жасқа дейін Азия Чемпионаты, Индонезия» тақырыбында хат жіберуі тиіс.
Хатқа келесі құжаттарды міндетті түрде қосу керек:
1.
Қатысу туралы өтініш (жүктеп алу);
2.
Төлқұжат скан-көшірмесі;
3. Өзінің цифрлық фотосын;
4. Төлем жасалғаны туралы құжаттардың көшірмесін.

Өтініш-хатты жіберуге арналған адрес: sabyr.b@kazchess.kz

1 маусымға дейін өтеуге тиіс төлем:
• тіркелуге арналған төлем — ресми қатысушылар үшін — 100 USD, қосымша қатысушылар мен ертіп жүретін адамдар үшін 50 USD,
• ресми қатысушылар үшін турнирлік төлем — 75 USD, қосымша қатысушылар үшін 150 USD,
• бір адам үшін қонақ үйде тұру құны (3 мезгіл тамақтану) — бір адамдық нөмір 85 USD, екі адамдық нөмір 65 USD, үш адамдық нөмір 50 USD.

Құжаттар 30 суір сағат 17:00-ге дейін қабылданады. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша толық төлем жасалған жағдайда ғана қабылданады. Төлем туралы квитанцияларда төлем жасаған қатысушының толық аты-жөні және төлемнің не үшін жасалғаны толық көрсетілуі тиіс. Барлық құжаттарды электронды поштаға бірхат түрінде жіберу керек.

Төлем жасау үшін реквизиттер:

NameofAccount: PERSATUAN CATUR SELURUH INDONESIA
AccountNumber: 126 000 6065 931
NameofBank: MANDIRI Bank
AddressofBank: Kantor PLN PusatJl. Trunojoyo M I No.135 JakartaSelatan 12160
SWIFT Code: BMRIIDJA

Турнир регламенті (жүктеп алу)
Толығырақ