ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ АШЫЛДЫ

Бүгін, 1 мамыр күні Алматыда ЭЛО рейтингінде 2000 және одан жоғары орналасқан спортшылар арасында рапид пен блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты басталды. Қатысушылар 350 000 тг жүлде қорына таласады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

ТУРНИРДІК ОНЛАЙН КӨРСЕТІЛІМІ

Жылдам шахматтан партиялар 1 және 2 мамырда, ал блиц-турнир 3 мамырда өтетін болады. Шахматтың әр түрі бойынша алғашқы үш орын иелері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.