18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Қаңтардың 5-і мен 17-і аралығында Алматыда 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Чемпионаты өтеді. 6 жас санатындағы 860 шахматшы чемпион атағы мен 2 миллион теңге жүлде қоры үшін күресетін болады.

Ақшалай сыйлықтар мен медальдар классика, жедел және блиц түрлерінен әр жас санатындағы алғашқы үш орынға бөлінеді. Сонымен қатар, классикка жеңімпаздары халықаралық чемпионаттарға жолдама алады.

Классикадан 8-18 жас санаттарындағы турнир жеңімпаздары 2020 жылғы Әлем чемпионатына қатыса алады, ал күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына жолдама алады.
Ұлдар мен қыздар классикалық, жедел және блиц ойындарына жиналады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.

БАСТАУ ЖАҢАЛЫҒЫ

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен “Алматы марафон” негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.  

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі-  «Самрұқ Казына» ӘАҚ ҚБ.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері: