20 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖІГІТТЕР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

2019 жылдың 16 наурызында Өскеменде классикалық шахматтан, рапид пен блицтен 20 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында Қазақстан Чемпионаты басталды. 600 мың теңгелің жүлде қоры бар турнирге 87 шахматшы қатысты.

«Өскемен қаласында осындай чемпионат алғаш рет өтіп жатыр, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Алмасхан Сматлаев, – Биылғы жылғы чемпиотан Қазақстандағы жастар жылына арналған. Бұл турнир жақын арада Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайтын ең күшті жасөспірімдердің басын қосты».

Турнирге 54 жасөспірім мен 33 қызбала қатысуда. Оның ішінде 20 жасқа дейінгі Қазақстанның 2018 жыл чемпиондары, 20 жасқа дейінгі республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар 2019 жыл чемпиондары, 2019 жылғы 1 ақпанда 2000 ЭЛО халықаралық рейтингісі бар шахматшылар қатысты.

«Мұндай турнирлер кәсіпқой шахматшылардың шыңдалуына арналған, – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко. – Классикалық шахмат чемпионатының жеңімпаздары республика чемпионатының финалына, сондай-ақ классикалық шахмат бойынша 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатына қатыса алады. Классикалық шахматта екінші орын алған қатысушылар 20 жасқа дейінгі Азия шахмат чемпионатына қатыса алады».

Жарыстар 9 раундтық швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі. Байқау жеңімпаздары барлық ойындарда ең көп ұпай саны бойынша анықталады. 1, 2 және 3 орын алған қатысушылар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Турнир туралы толығырақ

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік әріптесі –«Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қоры.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметіне хабарласыңыздар –
Игорь Бушмелев: +7 707 323 55 80