ЖАНДОС АҒМАНОВ И ӘМИНА ҚАИЫРБЕКОВА – ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ

Өскеменде шахматтан Қазақстан чемпионаты, 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы рапид және блитц чемпионаттары аяқталды. Елордалық шахмат мектебінің өкілдері, блиц және рапидтен күміс қола жүлдегері Жандос Аманов және рапидтен қола медаль иегері Амина Қайырбекова классикалық шахмат чемпиондары атанды. 600 мың теңге жүлделік қоры бар турнирге 87 шахматшы қатысты.

«Жастар чемпионатында жеңіске жету – бұл үлкен жетістік, – деп мойындайды Жандос, – бірақ бұл – бұдан да жауапты турнирлерге бастайтын алғашқы қадам ғана. Барлық күш-жігерімізді 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында көрсету – қазіргі менің жаңа міндетім».

Ерлер классикасында Қызылорданың өкілі Сұлтан Аманжол екінші орынға, Павлодар облысынан келген Темірлан Бектұров қола медальға ие болды. Қызылорда облысынан келген Нұрғали Назерке әйелдер арасындағы классикалық және рапид шахматтан екінші орынды иеленді, Шымкенттің спортшысы Зейнеп Сұлтанбек қола жүлдені жеңіп алды.

«Классикалық шахмат чемпионатының жеңімпаздары республика Чемпионатының финалына, сондай-ақ 20 жасқа дейінгі классикалық шахмат бойынша жеке әлем чемпионатына қатысуға құқылы. Классикалық шахматта екінші орын алған қатысушылар 20-шы Азия шахмат чемпионатына қатыса алады», – деп атап өтті Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко.

Рамазан Жалмаханов ашық секциядан рапид чемпионы атанды, әйелдердің арасында жедел шахмат бойынша Әсел Серікбай жақсы нәтиже көрсетті. Арыстан Исанжулов жігіттер арасында блиц чемпионы атанса, әйелдер секциясында блиц бойынша Назерке Нұрғали чемпион атанды.

Еске сала кетейік, турнирге 20 жасқа дейінгі Қазақстанның 2018 жыл чемпиондары, оның ішінде 20 жасқа дейінгі республикалық маңызы бар қалалар мен облыс 2019 жыл чемпиондары, сондай-ақ 2019 жылдың 1 ақпанына дейін халықаралық рейтинге кем дегенде 2000 ЭЛО ұпайы бар шахматшылар қатысты.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қоры.

ТУРНИР ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ