ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2 – 12 сәуір аралығында Грекияның Крит аралындағы Херсониссос қаласында әуесқойлар арасында Әлем Чемпионаты өтеді.

Турнирге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • 2020 жылдың 16 ақпанына дейін kamilya.a@kazchess.kz электрондық мекен-жайына  турнирге қатысу өтінімін жіберу;
  • 16.02.2020 ж. дейін   Қазақстан шахмат федерациясына 30 еуро көлеміндегі ФИДЕ жарнасын төлеу;
  • Алып жүруші мен қосымша қатысушы үшін 16 ақпанға дейін Греция шахмат федерациясына 100 еуро көлемінде тіркеу жарнасын төлеу;
  • Орналасу ақысының 30% төлеу .Бағасы тәулігіне үш орындық нөмір үшін бір адамнан 670 еуро, екі орындық нөмір үшін бір адамнан 710 еуро және бір орындық нөмір үшін бір адамнан 950 еуро.
    Толығырақ: турнир регламентінде