ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ НАҒЫЗ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІНЕ АЙНАЛДЫ

Бұл күндері Алматыда өтіп жатқан балалар арасындағы Қазақстан Чемпионаты турнир қатысушылары мен қонақтары үшін нағыз шахмат фестиваліне айналды.

Шахматшылардың қызу ойындармен қатар, республика чемпионаты аясында турнир қатысушылары мен қонақтарына арналған бірнеше қызықты  іс-шаралар болып өтті.

 

Ал аты аңызға айналған гроссмейстер Мұртас Қажғалеев шахматтан шеберлік сабағын өткізді, ол турнирдің ең шұғыл сәттерін талдап, өз тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар өз хоббиіңнің тұтқыны болып қалмау туралы әңгімеледі.

 

Шахмат жанкүйерлері мен әуесқойлары ойындарды он-лайн режимінде  бақылап қана қоймай, шахмат тақтасында өз араларында  күштерін сынап көрді. Ата-аналар арасындағы турнир және грузин гроссмейстері Михаил Кекелидземен бір уақытта ойын сессиясы осылайша өтті.

Турнир күндерінің бірінде Жансая Абдумәліктің арнайы жүлделері үшін жаттықтырушылар арасында тірестер болды. Ол жарысты павлодарлық халықаралық шебер Константин Казаков жеңіп алды.

Жарыстың демалыс күндерінде турнир қатысушыларына биік таулы Медеу мұз айдынына, Республикалық ғылым академиясына және үш музейге барып, экскурсия жасау ұсынылды.

Ал 16 қаңтар Обсерваторияға бару жоспарланып отыр.

ТУРНИРЛЕР БӨЛІМІ

ТУРНИР СУРЕТТЕРІ 

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен “Алматы марафон” негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.  

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі-  «Самрұқ Казына» ӘАҚ ҚБ.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері: