ЖАҢА 2020 ШАХМАТ ЖЫЛЫ – ЖАҢА РЕКОРД

Алматыда бүгін 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Чемпионаты басталды.  6 түрлі жас санатындағы шахматшылар 2 млн теңге жүлде қоры үшін күреседі.

«18 жасқа дейінгі Қазақстан Чемпионаты елдегі ең ірі шахмат жарысы болмақ, солай-ақ чемпион атағын алу үшін 860 ойыншы күш санасады», – Қазақстан шахмат федерациясының Вице-президенті Еркин Исраилов дейді, – «Жаңа жылдың алғашқы турнирі жасөспірімдер арасында өтетіні қуантады – балалардың  шынайы күлкісі маусымның жақсы бастамасы екені сөзсіз».

Чемпионат 17 қаңтарға дейін жалғасады. Ақшалай сыйлықтар мен медальдар әрбір жас санатында классикалық, жылдам және блиц шахматтан  алғашқы үш орынға бөлінеді. Сонымен қатар, классика жеңімпаздары халықаралық чемпионаттарға жолдама алады.

«Классикалық шахматтан 8-18 жас санаттарындағы турнир жеңімпаздары 2020 жылғы Әлем Чемпионатына қатыса алады, ал күміс жүлдегерлер Азия Чемпионатына жолдама алады», – деп Қазақстан Шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко қорытындылады.

Ұлдар мен қыздар классикалық, жылдам және блиц ойындарына жиналды. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация құрылтайында Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры мен «Алматы Марафонының» негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының  (президенті – А.В. Дворкович)  аясында жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ ақпараттық серіктестері: