АЛМАТЫДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

1 мамырда Алматыда әйелдер арасында Қазақстанның рапид және блиц чемпионаты басталады, онда 2000 және одан жоғары ЭЛО рейтингісі бар қатысушылар 350 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынамақ. Конкурс 9 турлық швейцариялық жүйе бойынша өтеді.

1-2 мамырға аралығында рапид шахмат ойындары өтеді, ал блиц-турнир 3 мамыр күні өтеді. Әрбір шахмат түрінің алғашқы үш орнына медальдар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

Қатысу туралы өтініштер 2019 жылдың 5 сәуіріне дейін төмендегі электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс:

office@kazchess.kz

Қатысушылардың саны 40 адаммен шектелмек. 2019 жылғы 1 сәуіріне дейін ең жоғары рейтингісі бар спортшылар қатысу артықшылығына ие болады.

Чемпионат туралы толығырақ

Турнир регламентін жүктеу

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қор.