МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

19-29 маусым аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында оқушылар арасында Азия Чемпионаты өтетін болады.

Турнир кестесі:
19 маусым, 14:00 – қатысушылардың келуі
19 маусым, 21:00 – техникалық кеңес
20 маусым, 10:00 – ашылу салтанаты
20 маусым, 10:30 – рапидтен Чемпионат
21 маусым, 14:00 – 1 тур классика
22 маусым, 09:00 – 2 тур классика
22 маусым, 14:00 – 3 тур классика
23 маусым, 14:00 – 4 тур классика
24 маусым, 09:00 – 5 тур классика
24 маусым, 15:00 – 6 тур классика
25 маусым, 14:00 – 7 тур классика
26 маусым, 14:00 – 8 тур классика
27 маусым, 14:00 – 9 тур классика
28 маусым, 09:00 – Блицтен Чемпионат
28 маусым, 17:00 – Марапаттау және жабылу салтанаты
29 маусым, 12:00 – қатысушылардың қайтуы

Алғашқы үш орынға ие болған қатысушылар арнайы сыйлықтармен, мдельдармен және грамоталармен марапатталады. Турнирге қатысушылардың барлығына жарысқа қатысқаны туралы сертификат табысталады. Сонымен қатар, жарыстың қорытындысы бойына үздік 3 федерация марапатталатын болады.

13, 15 және 17 жас категориясында:
— алтын алған қатысушылар FM / WFM атағын иемденуге мүмкіндік алады;
— Күміс және қола жүлдегерлер CM / WCM атағын иемденуге мүмкіндік алады.

7, 9 және 11 жас категориясында:
— Алғашқы үш орынға ие болғандар CM / WCM атағын иемденуге мүмкіндік алады.

Жарысқа қатысуға үмітті жандар 19 мамырға дейін Өзбекстан шахмат федерациясына төлем жасауға міндетті, дәлірек айтқанда:

Тіркелу туралы төлем — ресми қатысушылар үшін, қосымша қатысушылар үшін және ертіп жүретін адамдар үшін 125 USD,

Ресми қатысушылар үшін турнирлік төлем — 75 USD, қосымша қатысушылар үшін 150 USD, әр адам үшін қонақ үйде тұру құны (3 мезгіл тамақтану) — бір адамдық орын құны 120 USD, екі адамдық нөмір 95 USD, үш адамдық нөмір 90 USD.

Сонымен қатар, 19 мамырға дейін sabyr.b@kazchess.kz электронды поштасына:
— қатысу туралы өтінішті (жүктеп алу);
— төлем туралы құжаттардың көшірмесін жіберу керек;

Хаттың тақырыбы «Оқушылар арасындағы Азия Чемпионаты, Өзбекстан» болуы тиіс.

Құжаттарды 19 мамыр сағат 17.00-ге дейін қабылдаймыз. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша толық төлем жасалған жағдайда ғана қабылданады. Төлем туралы квитанцияларда төлем жасаған қатысушының толық аты-жөні және төлемнің не үшін жасалғаны толық көрсетілуі тиіс. Барлық құжаттарды электронды поштаға бірхат түрінде жіберу керек.

Төлем жасау үшін реквизиттер:

Beneficiary Name: Uzbekistan Chess Federation
Address: 98A Karimov str., Tashkent, Uzbekistan
US Dollar Acc: 2021 2840 2001 7827 6009
Bank Name: P.J.S.C. DAVR-BANK
Bank Address: Navoi-Zarkaynar str. BlockA, Tashkent, 100021
SWIFT CODE: DVRBUZ22

Жарыс регламенті