СЕНЬОРЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-2019 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2019 жылдың 2 және 12 маусымы аралығында Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері Аманжол Тұрғымбаев атындағы сеньорлар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді.

Жарыс Луговой теміржол бекетінен 40 км қашықтықта, Меркі бекетінен 5 км қашықтықта, Шу бекетінен 100 км қашықтықта орналасқан «Үміт» балалар мен жасөпірімдер үйінде өтеді.

«Үміт» балалар мен жасөспірімдер үйі

Турнирге қатысушылар «Мерке» қонақ үйінде тұрады. Бір адамдық нөмірдің стандартты құны — 6000 теңге, екі адамдықтың стандартты құны — бір адамға 3000 теңге.

«Мерке» қонақ үйі

Жарыс тұрақты швейцариялық жүйемен өткізіледі, 9 турға созылады.

Турнир кестесі:
2 шілде – Келу уақыты
2 шілде, 18:00 – Техникалық кеңес
3 шілде, 14:00 – Ашылу салтанаты
3 шілде, 15:00-20:00 аралығында – I тур (классика)
4 шілде, 15:00-20:00 аралығында – II тур (классика)
5 шілде, 15:00-20:00 аралығында – III тур (классика)
6 шілде, 15:00-20:00 аралығында– IV тур (классика)
7 шілде, 15:00-20:00 аралығында – V тур (классика)
8 шілде, 15:00-20:00 аралығында – VI тур (классика)
9 шілде, 15:00-20:00 аралығында – VII тур (классика)
10 шілде, 15:00-20:00 аралығында – VIIІ тур (классика)
11 шілде, 10:00-15:00 аралығында – ІХ тур (классика)
11 шілде, 16:00 – Жабылу салтанаты
12 шілде – Қайту күні

1-3 орын алған қатысушылар арнайы медалдармен, дипломдармен және жүлделермен марапатталады.

50-65 жас аралығындағы ерлер арасындағы жүлде қоры:
1 орын – 56 250 тг
2 орын – 37 500 тг
3 орын – 31 250 тг

50-65 жас аралығындағы әйелдер арасындағы жүлде қоры:
1 орын – 56 250 тг
2 орын – 37 500 тг
3 орын – 31 250 тг

65 жастан жоғары ерлер арасындағы жүлде қоры:
1 орын – 56 250 тг
2 орын – 37 500 тг
3 орын – 31 250 тг

65 жастан жоғары әйелдер арасындағы жүлде қоры:
1 орын – 56 250 тг
2 орын – 37 500 тг
3 орын – 31 250 тг

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алатын адамдар анықталады:

— Турнирлерде 1-орын алған 50-65 жас аралығындағы және 65 жастан жоғары сеньорлар арасындағы стандартты шахматтан Әлем чемпионаты;

— Турнирлерде 2-орын алған 50-65 жас аралығындағы және 65 жастан жоғары сеньорлар арасындағы стандартты шахматтан Азия чемпионаты;

— Турнирлерде 1-орын алған 50-65 жас аралығындағы және 65 жастан жоғары сеньориттер арасындағы стандартты шахматтан Әлем чемпионаты;

— Турнирлерде 2-орын алған 50-65 жас аралығындағы және 65 жастан жоғары сеньориттер арасындағы стандартты шахматтан Азия чемпионаты;

2019 жылдың 23 маусымына дейін шахматшылардың жалпы санын анықтау үшін жарысқа қатысушылардан алдын ала өтініштер қабылданады.

Турнир регламенті

Толығырақ