ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ 2020

2020 ж. 20-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында соғыс және еңбек ардагері Көмекбай Қаракөзовты еске алуға арналған стандартты шахмат бойынша ересектер арасындағы 2020 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді. 

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында 50-ден 65 жасқа дейінгі және 65 жастан жоғары екі жас категориясында өтеді. Жарыс Swiss-manager компьютерлік жеребе тарту арқылы реттелетін швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.

КЕСТЕ:
20 наурыз, 10: 00-19: 00 – Қатысушыларды тіркеу
20 наурыз, 19:00 – 20:00 –  Техникалық кеңес
21 наурыз, 10:00 – 1 тур
21 наурыз, 16:00 –  Салтанатты ашылуы
22 наурыз, 10:00 –  2 тур
23 наурыз, 10:00 –  3 тур
24 наурыз, 15:00 –  4 тур
25 наурыз, 10:00 –  5 тур
26 наурыз, 10:00 –  6 тур
27 наурыз, 10:00 –  7 тур
28 наурыз, 10:00 –  8 тур
29 наурыз, 10:00 –  9 тур
29 наурыз, 16:00 –  Салтанатты жабылуы
30 наурыз –  Кету күні

1, 2 және 3 орын алған қатысушылар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ерлер арасында 50-ден 65 жасқа дейінгі жастағы жеңімпаздарға арналған жүлде қоры:
1-орын 100 000 теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 55 000 теңге

Әйелдер арасында 50-ден 65 жасқа дейінгі жастағы жеңімпаздарға арналған жүлде қоры:
1-орын 100 000 теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 55 000 теңге

65 жастан асқан ерлер арасындағы жеңімпаздарға арналған жүлде қоры:
1-орын 100 000 теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 55 000 теңге

65 жастан асқан әйелдер арасындағы жеңімпаздарға арналған жүлде қоры:
1-орын 100 000 теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 55 000 теңге

Қонақ үйге орналастыру үшін өтінімдер 2020 жылдың 1 наурызына дейін timkas8844@gmail.com электрондық поштасы бойынша қабылданады.
Чемпионатқа қатысу үшін өтінімдер 2020 жылдың 1 наурызына дейін timkas8844@gmail.com электрондық поштасына қабылданады. 

ЕРЕЖЕ