ҚШФ ШАҚЫРАДЫ

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) 20 мен 22 сәуір аралығында Алматыда Almaty Marathon өткізілуі аясында шахматқа арналған бірнеше іс-шаралар өткізуде. Спорттық жәрмеңке күндері қонақтарды қызықты викториналар мен мастер-класстар күтуде. Ал марафон күні, яғни 22 сәуір күні блиц-жарыстар болып өтеді.

Сәуірдің 20 мен 21 күндері Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында кәсіби шахматшылар – республикалық және халықаралық жарыс жеңімпаздары МАСТЕР-КЛАСС көрсетеді. Дебютте қалай күресу керек, миттельшпильде қандай тактикалық қадамдар бар және эндшпильдік позицияларды өз пайдаңызға қалай пайдалануға болатынын көрсетеді. Рустам Хуснутдинов, Флюра Хасанова, Михаил Кекелидзе, Азамат Абылкасимов, Асылхан Караев, Куаныш Сулеймен және басқа да гроссмейстерлер өз сырларымен бөліседі.

Шахмат бойынша ВИКТОРИНА. Осында, Спорт сарайында осы күндері ҚШФ негізгі кейіпкерлері балалар да болады. Олар үшін біз шахмат әлемінен әр-түрлі сұрақтар дайындап қойдық – қарапайым сұрақтардан  қиын сұрақтарға дейін. Сұрақты таңдау үшін алты жақты текшені лақтыру керек болады. Дұрыс жауаптар үшін қатысқандар естелік сыйлықтарын алады.

«Алматы Марафон» басталатын және аяқталатын жерде – Республика алаңында БЛИЦ-жарыстар немесе найзағайлық шахмат бойынша жарыстардың сериясы өтеді. Осы уақытта алаңға шығатын кез-келген адам осы байқауға қатыса алады. Қатысу құқығының артықшылығы марафонның жүгірушілерінде болады. Турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталады.

Мастер-классты көрсетеді:
Рустам Хуснутдинов
, гроссмейстер, Қазақстан Республикасының әйелдер кұрама командасының аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасында үш дүркін чемпионы.

 

Асылхан Караев – Алматы қ. аға жаттықтырушысы, ФИДЕ шебері, балалар арасында Қазақстанның бес дүркін чемпионы, бірнеше әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы, халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Ең жоғарғы спорттық жетістігі – 2006 ж., Грузияда, Батуми қаласында әлем чемпионатында 2-6 орындарды бөліскен.

Олжас Менгали, спорт шеберіне үміткер

 

 

Максим Сухов, спорт шеберіне үміткер, “Астрахань опен” 2006 1-ші халықаралық жарыстың жеңімпазы, «ҚазҰУ» командасы құрамында 2006 жылдағы республикалық универсиаданың қола жүлдегері, Алматы қ. көптеген чемпионаттарының жүлдегері және чемпионы. FIDE рейтингі- 2200; балалармен жұмыс істеу оқытушылық өтілі – 9 жыл.

Іс-шаралар программасы:
20 сәуір: Викторина күндізгі уақытта, мастер-класстар аралығында өтетін болады.
10:00-12:00 – “Горница мастеров” әлеуметтік жобаға шақырылған жаттықтырушы, спорт шеберіне үміткер,  Куаныш Сулейменнен мастер класс.
12:00-14:00 – Рустам Хуснутдиновтаң мастер-класс.
14:00-17:00 – Асылхан Караевтан мастер-класс (ChessGarden шахмат мектебі).
17:00-20:00 – Азамат Абылкасимовтан мастер-класс (А.Абылкасимовтың шахмат мектебі).
21 сәуір: Викторина күндізгі уақытта, мастер-класстар аралығында өтетін болады.
10:00-13:00 – Флюра Хасановадан мастер-класс (Ф.С. Хасанованың шахмат мектебі).
13:00-14:00 – викторина
14:00-17:00 – Максим Суховтан мастер-класс (“Фаворит” шахмат мектебі).
17:00-19:00 – Михаил Кекелидзеден мастер-класс (Ж. Абдумалик академиясы).
19:00-20:00 – Олжас Менгалиден мастер-класс (Youtube-арнасында шахматты қазақ тілінде үйрету).
22 сәуір:
08:00-12:00 – блиц-жарыстар
Жарыс нокаут-жүйесі үлгісінде өтеді – жеңілген ойыннан шығады. Аға төреші – Константин Бурнашев.

Сұрақтар пайда болған жағдайда келесі тұлғаларға хабарласуыңызға болады:
“Блиц” жоба үйлестірушісі Камиля Абдрахманова – 87717817179
“Ярмарка” жоба үйлестірушісі Салтанат Ногайбаланова – 87017226812.