«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ»

«Мектептердегі шахмат» жобасы іске асырылыпжатқан үш қаланың 2-ші сынып оқұшылары арасында рапид бойынша командалық турнирлер өтті. Жалпы 18 мектептен 165 оқушы тартылды.

Жарыстар мамырдың 4-5 күндері Павлодар, мамырдың 17 Қызылорда және мамырдың 18 Алматы қалаларында өтті. Шахмат бойынша сабақ өткізетін әр мектеп, әр сыныптан бір командадан ұсынды. Жарыс натижесі бойынша жеңімпаз-командалар грамоталар және медальдармен, ал жеңімпаз-мектеп кубокпен марапатталды.

– Оқұшылар өте жақсы дайындықты көрсетті. Балалар дебютті өте жақсы бастапжатқаны, ойынның ортасында позицияларды талдауды және эндшпильді білетіндері көрініп тұрды. Менің ойымша, шахматты бірінші жыл үйренгендер үшін бұл өте жақсы нәтиже, – деп жарыс бас төрешісі Константин Бурнашев хабарлады.

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Мектептегі шахмат» жобасы  Қазақстан мектептерінде «шахматты» міндетті пән ретінде енгізуге бағытталған. Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры осы жобаны іске асырып жатқан Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі болып табылады.

– Жоба 2017 жылы қыркүйектің 1 күні еліміздің 18 пилоттық мектептерінде іске қосылды. Оқұ жылы ішінде 40 сыныпта екінші сыныптағылар үшін сабақтар өткізілді, солардың 21-і қазақ тілінде болды. Қордың есебінен шахмат бөлмелері жабдықталды, қосымша білім беру және 25 оқытушыны оқыту бағдарламалары әзірленді, – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко айтып өтті.

Пилоттық мектептермен жұмыс жасау барлық оқу жылына арналған оқу-әдістемелік апробациясының аяқталуына дейін жалғасады. Осы мектептерде сабақ өткізумен қатар оқұшылардың когнитивтік дамуының психодиагностикасы жүргізілүде, оның мақсаты шахматтың жас оқушылардың психологиясына әсерін бағалау болып табылады. Бұл мақсатта барлық пилоттық мектептерде психологтар қосымша оқытылған. Олар әр оқұ жылының басы мен соңында пилоттық сыныптарда оқұшылардың өлшемдерін алып отырады.

Қор жоба қамту географиясын біртіндеп кеңейтетін болады. 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысында 30 мектепті жобаға қосу жоспарланып отыр.