АСТАНАДА ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ШАХМАТ ДОДАСЫ

Әлем чемпионаты аясында қазақстандықтар арасында осы ежелгі ойынды насихаттау мақсатында күн сайын шахматтан командалар арасында қызықты іс-шаралар өткізілуде.

11 наурызда ФИДЕ мастері Павел Юрков бір мезгілде зағип ойнау сеансын өткізді.  Ол екі сағат бойы 16 тақтайшадағы фигуралардың орналасуына қарамастан барлық жүрістерді есте сақтай алу шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде – 8 жеңіс, 2 жеңіліс және 6 тепе-тең түсу. Астаналық шеберге 3-тен 1-ге дейінгі разряды бар шахматсүйерлер қарсы тұрды.

Сессиядан кейін шахматтық мәселелерді шешу бойынша конкурс өткізілді, онда жаңа спортшылардан бастап МСК деңгейіне дейінгі 40 шахматшы қатысты. Қатысушыларға сирек кездесетін талғампаздықты қажет ететін фигуралардың орналасуы жайлы стандартты емес есептерді шешу ұсынылды.

12 наурызда «Ересектер блиц-турнирі» өтті. Оған жасы 50-ден асқан 21 спортшы қатысты. Жарыстың жеңімпазы шахмат бойынша спорт шеберіне үміткер Андрей Степанов атанды.

13 наурызда Қазақстан шахмат федерациясының «Мектептегі шахмат» бағдарламасының менеджері Салтанат Ноғайбаланова шахматты дамытудың 2020 жылға арналған жобасымен таныстырды. Тұсаукесерден кейін 8 астаналық мектептің өкілдерімен ынтымақтастық туралы мәліметтер талқыланды.

«Мектептегі шахмат» бағдарламасы – шахматты республика мектептеріне міндетті пән ретінде енгізуге бағытталған жобалар портфелі. Бағдарлама Қазақстан Шахмат федерациясы тарапынан Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

– Қазіргі әлемде шахмат спорт ретінде ғана емес, білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде де қабылданады. Шахмат мектеп пәні ретінде оқытылатын елдерде жүргізілген зерттеулер оқушылар дербестік, шығармашылық ойлау, рефлекстер мен салыстырмалы талдауда жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті, – дейді Салтанат Ноғайбаланова.

 

Әлем чемпионатының бас демеушісі – «Eurasian Resources Group» компаниялар тобы

 

 

Әлем чемпионатының бас серіктесі – ФНБ Самрук Казына

     

 

 

 

Чемпионат серіктесі — «Астана» Халықаралық қаржы орталығы

 

 

_________________________
photo by David Llada