Жоба жайлы

«Мектептегі шахмат» бағдарламасы — бұл академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорының және Қазақстандық Шахмат федерациясы РҚБ-ның бірлескен жобасы.

Бағдарламаның мақсаты «Шахмат» пәнін оқу үдерісіне пән ретінде енгізу болып табылады.

 

Заманауи әлемде шахмат спорт түрі ғана емес, сондай-ақ білім беру жүйесінің құрамды бөлігі ретінде түсіндіріледі. Шахмат оқу пәні ретінде енгізілген елдерде жүргізілген зерттеулер оқушылардың дербестікте, креативтік ой-өрісте, рефлекстерде және салыстырмалы талдауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін көрсетеді.
Шахматты білім беру бағдарламасына енгізу қоғамдық сананы дамытуға және “Рухани жаңғыру” бағдарламасының құндылықтарын ілгері жылжытуға жәрдемдесетін болады, өйткені ұлттың ақыл-ойы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жобаның тұжырымдамасына сәйкес шахмат бастауыш білім беру деңгейінде енгізіледі, себебі бастауыш мектепте оқушының тұлғасы қалыптастырылады, оқытудың тұрақты алгоритмдері қалыптасады, мектепте одан әрі оқуда табысты болуға арналған негіздер орнатылады. Бұл уақытта баланың түбегейлі өзгерістері орын алады: бірінші кезекке елеулі дәрежеде бастауыш сынып оқушылары тұлғасының қалыптасуына және олардың шығармашылық қабілеттіліктерін барынша толық ашуға себептесетін оқытудың дамушы функциясы шығарылады.

Жобаны іске асыру үшін Ш. Есенов атындағы қормен жалпы білім беретін мектептердің 2, 3, 4-сыныптарында шахматты оқыту бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаның негізінде қазақ және орыс тілдерінде 2, 3 және 4-сыныптар үшін оқу-әдістемелік жиынтық әзірленді, оған оқу құралы және оқушыларға арналған жұмыс дәптерлері, мұғалімге арналған әдістемелік құрал кіреді. Содан кейін білім беру басқармаларымен келісім бойынша Алматы, Қызылорда, Павлодар қалаларында және Павлодар ауданында 18 пилоттық мектеп іріктеліп, оларда оқу-әдістемелік жиынтықтың апробациясы жүргізілуде. Бұл мектептерде қор шахмат кабинеттерін жабдықтады, қосымша оқу бағдарламасын әзірледі және де шахмат бойынша 25 оқытушыны даярлады. Оқытуға негізінен шахматты ойнау білетін бастауыш сыныптардың мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері және жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері қатысты. Пилоттық мектептердің оқушылары оқулықтармен және жұмыс дәптерлерімен, ал мұғалімдер әдістемелік оқулықтармен қамтамасыз етілді.

2017 жылғы 1 қыркүйекте жоба іріктелген пилоттық мектептерде іске қосылды. 2017-2018 оқу жылы ішінде шахмат бойынша сабақтар 43 екінші сыныпта өткізілді, олардың ішінде 24 сыныпта сабақтар мемлекеттік тілде өткізілді.

2018 жылы Шымкент қаласының 26 мектебі жобаға қосылды. Қазіргі уақытта «Шахмат» пәнін Алматы, Қызылорда, Павлодар және Шымкент қалаларының 44 мектебінде 2000-нан астам оқушылар оқуда.

 

 

(Русский)