«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАЙҚАУЫ 7 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Мектептерден көптеген сұраулардың түсуіне байланысты, «Мектептегі шахмат» бағдарламасына жүзеге асыру байқауының Сарапшылар кеңесі мектептерден өтініштерді қабылдауды 2019 жылдың 07 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беру мектептері қатыса алады.

Байқаудың шарттары:
– Байқауға қатысу үшін өтінімді толтыру қажет. Өтінімнің нысанын веб-сайттан жүктеп алуға немесе төменде көрсетілген байланыстар бойынша жобаның үйлестірушілерінен алуға болады.

– Байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 1 наурызынан 31 наурызына дейін қабылданады.

– Сарапшылар кеңесі өтінімдері іріктеп, 2019 жылдың 15 мамырында жеңімпаздарды жариялайды.

Жүлделердің саны 3, оның ішінде 5 мектеп үшін 1-орын, 10 мектепке 2-орын, 20 мектеп үшін 3-орын беріледі.

Жүлде ұтып алған мектептерге келесі жабдықтар беріледі::

1-орын:
— шахмат тақтасы 20 дана,
— шахмат фигуралары 20 дана,
— көрнекі шахмат тақтасы 1 дана,
— кронштейн, проектор, экран және т.б. бар жинағқ 1 дана,
— ноутбук 1 дана,
— МFU 1 дана,
— картридж жинағы,
— колонкалар 1 дана.

2-орын:
— шахмат тақтасы 20 дана,
— шахмат фигуралары 20 дана,
— көрнекі шахмат тақтасы 1 дана,
— МFU 1 дана,
— картридж жинағы,
— колонкалар 1 дана.

3-орын:
— шахмат тақтасы 20 дана,
— шахмат фигуралары 20 дана,
— көрнекі шахмат тақтасы 1 дана.

Бағдарламаны іске асыру барысында «Шахмат» пәнін оқу үдерісіне дене шынықтыру пәнінің айнымалы бөлігі ретінде немесе бастауыш мектептің 2-4 сыныптарында «Шахмат» білім беру бағдарламасына сай факультативтік және үйірме сағаттарын енгізу қарастырылады. Бағдарламаны іске асыру 3 жылға есептелген. Яғни, 2, 3 және 4 сынып оқушыларын жүйелі түрде дайындау жоспарлануда.

Қатысу ниет білдірген барлық мектептер 2019 жылғы 7 сәуіріне дейін aizhan.r@kazchess.kz мекен-жайына өтініш жіберу керек.

Байқаудың ережелерін мына жерден жүктеп алуға болады.

Өтінім бланкін мына жерден жүктеп алуға болады.

Байқау жайлы кітапшаны мына жерден жүктеп алуға болады.

Жоба координаторлары байланыс нөмірлері:
Салтанат Ноғайбаланова +7 701 722 68 12, saltanat.n@kazchess.kz
Айжан Рысмамбетова +7 701 719 30 40,  aizhan.r@kazchess.kz