«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАЙҚАУ

Қазақстандық шахмат федерациясы Қазақстанның орта мектептерінде «Мектептегі шахмат» бағдарламасын іске асыруға арналған байқауды еске туралы еске салады.

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық орта мектептері қатыса алады.

Конкурс шарттары:
– Байқауға қатысу үшін өтінімді толтыру қажет. Өтінімнің бланкін веб-сайттан жүктеп алуға немесе төменде көрсетілген байланыстар бойынша жобаның үйлестірушілерінен алуға болады.

– Байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 1 наурызынан 31 наурызына дейін қабылданады.

–  Сарапшылар кеңесі жеңімпаздарды іріктеу арқылы анықтайды және жеңімпаздар тізімін 2019 жылдың 15 мамырында жариялайды.

Жүлделердің саны – 3, оның ішінде 5 мектеп 1-орын, 10 мектеп 2-орын, 20 мектеп 3-орын алады.

Жүлделі орындарға ие болған мектептерге келесі жабдықтар беріледі:

1-орын:
— шахмат тақталары 20 дана,
— шахмат фигуралары 20 дана,
— көрнекі шахмат тақтасы 1 дана,
— кронштейні бар проектор, экран және т.б. жинағы 1 дана,
— ноутбук 1 дана,
— МFU 1 дана,
— картридж жинағы,
— колонка 1 дана;

2-орын:
— шахмат тақталары 20 дана,
— шахмат фигуралары 20 дана,
— көрнекі шахмат тақтасы 1 дана,
— ноутбук 1 дана,
— МFU 1 дана,
— картридж жинағы,
— колонка 1 дана;

3-орын:
— шахмат тақталары 20 дана,
— шахмат фигуралары 20 дана,
— көрнекі шахмат тақтасы 1 дана,

Бағдарлама 2-4 сыныптарда «Шахмат» білім беру бағдарламасына сай «Шахмат» пәнін оқу үдерісіне физикалық білім беру сыныбының таңдамалы бөлігі ретінде немесе факультативтік және үйірме сағаты ретінде енгізу арқылы іске асырылады. Бағдарламаны іске асыру 3 жылға жоспарланған, яғни, 2, 3 және 4 сынып оқушыларын жүйелі түрде дайындауды қамтиды.

Қатысуға тілек білдірген барлық мектептер 2019 жылғы 1 наурыздан 31 наурызға дейін мына мекен-жайға өтінім жіберуі керек: aizhan.r@kazchess.kz

Конкурс шарттарын жүктеу мұнда
Өтінім формасын жүктеу мұнда
Конкурс туралы буклетті жүктеу мұнда

Жоба координаторларының байланыс ақпараттары:
Салтанат Ноғайбаланова +7 701 722 68 12, saltanat.n@kazchess.kz
Айжан Рысмамбетова +7 701 719 30 40,  aizhan.r@kazchess.kz