ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ 1-КЕЗЕҢІ

18 мамырда Қызылордада «Аралбай Махамбетов мемориалы» халықаралық шахмат фестивалі өтеді. Байқау қорытындысы бойынша 2019 жылы Қазақстанның балалар кубогының финалына қатысуға үміткерлер анықталады.

Іс-шара бес турнирден тұрады:
– блиц-турнир – жас шектеуі жоқ, екінші санаттан жоғары;
– А турнирі – ашық турнир, жас шектеуі жоқ, бірінші санаттан жоғары;
– B турнирі – 14 жасқа дейінгі Қазақстан балалары кубогының 1-кезеңі, 3-санаттан жоғары;
– C турнирі – 10 жасқа дейінгі Қазақстан балалары кубогының 1-кезеңі, 4-санаттан жоғары;
– D турнирі – командалық турнир.

Әрбір санаттағы жеңімпаздар мен жекелеген номинациялар үшін ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

Турнирге қатысу үшін алдын-ала өтінімді мына электронды поштаға 2019 жылдың 13 мамырына дейін жіберу керек: kyzylordaopen@mail.ru

Өтінім бланкін жүктеп алу

Турнир ережесін жүктеп алу

Іс-шара туралы толығырақ