БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНТЫ ЕРТЕРЕК ӨТЕДІ

basnik-0099-eq3u8474

Қазақстан шахмат федерациясы 8-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының өту мерзімдерінің өзгергені жайлы хабарлайды. Чемпионат Ақмола облысының Щучинск қаласында, Бурабай демалыс аймағында 2017 жылдың 24 қаңтар – 5 ақпан арасында өтеді.

– Азия чемпионатына өтінімдерді қабылдау мерзімінің анықталуына байланысты (15 ақпанға дейін) Республикалық чемпионаттың өту уақытын өзгертуге мәжбүр болдық, – деп ҚШФ-ның атқарушы директоры Грищенко И.Ф. анықтады. – Иә, дәл осы кезде көптеген қатысушылар «Moscow Open» турниріне (шамамен 26.01-06.02 арасында) қатысатынын түсінеміз.  Дегенмен, таңдалған мерзім –мәселелердің жалғыз шешімі, себебі облыстық іріктеу сайыстары қаңтардың ортасында ғана аяқталады, ал чемпионатқа облыстан іріктелген балалар қатысады.

ҚШФ чемпионат қорытындысы бойынша  әр жас санатының жеңімпаздарына Бразилия мен Уругвайда өтетін Әлем чемпионатына қатысу үшін демеу көрсетеді. Ал күміс жүлде иелерін ҚШФ Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына қатысуын қаржыландырады. Естеріңізге сала кетейік, шахматтан Азия чемпионаты   31 наурыз бен 10 сәуір аралығында, ал Әлем чемпионаты 21-31 тамыз бен 16-26 қыркүйек арасында өтеді.