8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ҚРЧ

ЧРК8, 10, 12, 14, 16, 18 жас топтарында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 2017 жылдың 24 қаңтары (келу күні, қатысушыларды тіркеу) мен 5 ақпан арасында “Зеленый Бор” санаториінде (Бурабай курорттық аймағы) өтеді.

Әрбір облыс (14 облыс) әр жас санаты бойынша 4 ресми ойыншы тіркей алады. Республикалық маңызы бар қалалар (Астана мен Алматы) 6 ресми ойыншы тіркей алады.

Сайысқа қатысу өтініші мен  іріктеу турнирінің кестелері, қонақ үйге қатысты сұрақтар 2017 жылдың 18 қаңтарына дейін мына электрондық пошталарға қабылданады : yps.pavel@mail.ru  және meteleno@mail.ru.

Әр  облыс және республикалық маңызы бар қала төрешілер алқасының келісімі бойынша ұсынылған ір қатысушыны құрал-жабдықтармен (1 шахмат және 1 сағат) қамтамасыз етеді

Сайыстың ұйымдастырушылары –  Қазақстан шахмат федерациясы жене “Ход Конем” шахмат мектебі. Чемпионаттың бас демеушісі Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми–білім беру қоры және АО «АБДИ Компани».

Регламентті мына сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Байланыс үшін:

Турнир директоры                    Юрков Павел Сергеевич                 +77086569111

+77774748444

Бас төреші                                 FA Метелено Евгений Сергеевич +7 777 484 8588

Федерацияның жауапты            Егоров Евгений Владимирович  +77051122335

хатшысы

Бронь бойынша жауапты           Ульжебаева Наргиз                    +77477104811

Турнирдін ресми сайты: www.kazchess.kz, www.hod-konem.kz/borovoe