ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА МИХАИЛ БОТВИННИК КУБОГЫ

Кезінде Кеңес Одағы атынан өнер көрсеткен, ал қазір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 11 елінен шахматшылар Ресей астанасына жиналды. 9 тамыз күні, Мәскеу қаласында ТМД елдері арасында Михаил Ботвинник әлем чемпионатының ашық Кубогы басталды.

Әр бір команда – 14 жастан аспаған төрт жас шахматшыдан және ең аз санында бір қызбала қатысуынан тұрады. Команданы капитан, яғни гроссмейстер немесе шебер басқарады. Турнирдің формуласы келесідей: әр бір турда ойыншылар бір бірімен емес, команда капитаны – бір мезгілде ойын сеансының қарсыласына қарсы ойнайды. Капитанның және жас ойыншылардың нәтижелері жинақталады. Осы формула бойынша Кеңес Одағында Пионерлер сарайының әйгілі жарыстары өткізілетін. 1972 жылы алғашқы мұндай турнирдің бас төрешісі –  әлемнің алтыншы чемпионы Михаил Моисеевич Ботвинник болған.

Турнир швейцария жүйесі бойынша, бірінші қадамнан бастап 30 секундты қосу арқылы 90 минутты бақылаумен пионерлер Сарайының формуласы бойынша жеті бөлімде өткізілуде.

Қазақстан атынан Амир Иген
Санжар Майлебаев
Ксения Балабаева
Алуа Нурманова
өнер көрсетуде. Команда капитаны – халықаралық гроссмейстер Рустам Хуснутдинов.

Биылғы турнирде Азербайджан (капитаны Урфан Севдималиев, ЭЛО рейтингі 2388), Армения (Рафаэль Ваганян, 2546), Беларусь (Владислав Ковалёв, 2667), Грузия (Лука Пайчадзе, 2564), Қазақстан Республикасы (Рустам Хуснутдинов, 2470), Қырғызстан (Семетей Тологонтегин, 2407), Молдова (Виктор Комляков, 2373), Ресей (Алексей Коротылёв, 2573), Тәжікстан (Мухаммад Хусенходжаев, 2434), Түркменстан (Максат Атабаев, 2505), Өзбекстан (Владимир Егин, 2317) елдері қатысуда.

1-ші турдың қорытындылары:

  1. Қазақстан 4 – 4 Ресей
  2. Беларусь 5 – 3 Молдова
  3. Түркменстан 3,5 – 4,5 Азербайджан
  4. Грузия 4 – 4 Өзбекстан
  5. Қыргызстан 2,5 – 5,5 Армения

Фото және видео: Алма Аширова