ДИНАРА СӘДУАҚАСОВАНЫҢ КУБОГЫ

2-4 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында Динара Сәдуақасованың кубогы үшін студенттер арасында шахматтан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры 1,5 миллион теңгені құрады.

«Бұл іс-шара жастар жылының шеңберінде өткізілуде, – дейді Динара, – Біз студенттер арасында шахматты дамытуға және танымал етуге мүдделіміз және жыл сайын Қазақстанның жоғары оқу орындарында турнирлер өткіземіз».

ФИДЕ рейтингісі бар турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 120-дан астам студент қатысады. Ерлер турнирінде орын алған алғашқы 10 шахматшы және әйелдер турнирінде орын алған алғашқы 7 шахматшы ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады. Алғашқы 3 орынды иеленген командалар тиісті дәрежедегі дипломдар мен медальдармен марапатталады. Жеңімпаз команда Динара Сәдуақасова кубогын алады. Барлық қатысушыларға кәдесыйлар беріледі.