Рапид және блиц турнирі

_mg_2215

Алматы қ. “Дебют” халықаралық шахмат клубында шахматтан 2 турнир өтеді. Сайысты қаланың шахматшылар Одағы өткізеді.

15-17 қазан арасында рапидтен “Алматы шахматшылар Одағы президентінің Кубогы” турнирі өтпекші. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Турнирдің жеңімпазы барлық ұпай саны бойынша анықталатын болады. Турнирдің жүлде қоры – 1 020 000 теңге.

Ал 18 қазан күні “Алматы қ. шахматшылар Одағы”  президенті Амантай Бөлекпаевтың жүлдесі үшін дәстүрлі “Күміс самаурын” турнирі өтеді. Қатысушыларды тіркеу жылдам шахмат бойынша жарыс аяқталған соң бірден басталады. Бұл турнирдің жүлде қоры – 430 000 теңге.

Қосымша ақпарат алу үшін “Алматы қ. шахматшылар Одағының” атқарушы директоры Сергей Кимге хабарласыңыз: 7 727 291 64 11, sergeikim2003@mail.ru.