БАЛАЛАР ҮЙІ ҮШІН ШАХМАТТАН МАСТЕР-КЛАСС

Алматы облыслық №1 балалар үйінде шахмат ойынынан бір уақыттағы сеанс өтті. Оған шахматқа қызығушылық танытқан 25 оқушы қатысты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мастер-классты халықаралық дәрежедегі мастер Гүлмира Дәулетова және ФИДЕ мастері Асылхан Караев өткізді.

Төрт сағатқа созылған ойыннан кейін балалар Қазақстан шахмат федерациясы атынан естелік сыйлықтар алып, ал мастерлермен тең ойын көрсеткен жас шахматшылардың үшеуі арнайы медальдар мен федерация атынан естелік сыйлықтар алды.

«Балалардың ойнау деңгейі таң қалдырады, – дейді Гүлмира Дәулетова, – Нақты айтарым егер бұл балалармен күнделікті түрде ойын өткізіп, дайындауға мүмкіндік болса, мықты шахматшылардың шығары анық. Ойын кезінде олардың ойынға деген құмарлығы, қызығушылығы анық көрінді. Балалар әрбір жүрісті есептеп көріп, партияның соңына дейін берілмеуге барынша тырысты».

№1 балалар үйінде жалпы саны 100 бала тұрады. Футбол, жекпе-жек спорт түрлері, қолөнер, музыка сынды белсенді үйірмелерден бөлек, көптеген тәрбиеленушілер шахматқа қызығушылық танытады. Сеанстың соңына қарай балалар ойынды үйренуге арналған шахматтың көрсетуге арналған тақтайшасын сыйлыққа алды.

«Балалар үйлерімен бірлесе отырып, біз тек мұндай тәжірибелермен шектеліп қалмаймыз, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, – алдағы уақытта осы талантты балалармен жұмысты әртүрлі деңгейде жалғастыру жоспарлануда. Дәлірек айтқанда, кейбір балалар ойынды шахматтық мектептерде үйрену туралы өтініш айтып, біз олар үшін осындай тегін оқу орындарын ұсынамыз».

Қазақстан шахмат федерациясы үшін балалар үйлерімен серіктестік алғаш болып отырған жоқ. Бір ай бұрын республикадағы балалар үйлеріне оқу процесін жақсартатын, соның ішінде шахматтан онлайын платформаларды қолдану үшін ноутбуктер таратылған болатын.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Sumruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.