ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ – ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова құрлықтың 15 елінің 35-ке жуық спортшысын озып, Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті. Спортшы 9 мүмкін ұпайдан 7,5 ұпай жинап, өзіне қомақты ұтысты қамтамасыз етті.

«Азия Чемпионаты – бұл маңызды турнир, – дейді Динара, – барлық қарсыластар тәжірибелі шахмат ойыншылары. Бәсекелестік өте күштіболды, бірақ мен ең жоғарғы нәтиже көрсете алдым».

Чемпионатта Қазақстаннан тағы екі шахматшы – Ринат Джұмабаев пен Гүлмира Дәулетова болды. Ринат ұпайлары бойынша қарсыластарымен 2-5 орынды бөлсіп, нәтижесінде қосымша көрсеткіштер бойынша 74 қатысушы арасыннан бесінші орынды иеленді.

«1981 жылдан бері Жеке Азия чемпионаты өткізіліп келеді, сол уақыттан бері Қазақстан алғаш рет бұл турнирде жеңіске жетіп отыр, сондықтан да Динара – Қазақстанның нағыз мақтанышы» -деп атап өтті Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Әйелдер секциясында екінші орынды Индонезиядан келген шахматшы Ирина Харисма Сукандар, ал үшінші орынды – Моңғол спортшысы Мункзул Турмунх қанжығасына байладыы. Вьетнамдық Ле Куанг Льем – Азия чемпионы атанды, екінші және үшінші орынды Үндістандық шахматшылар Картикеян Мурали және Панаяппан Сетхураманиеленді. ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самрұқ-Қазына» АҚ, әлеуметтік әріптесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.. «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас демеушісі – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.