ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА GRAND SWISS СУПЕРТУРНИРІНДЕ ОЙНАЙДЫ

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 8-22 қазан аралығында Англияның Мэн аралында өтетін FIDE Grand Swiss супертурниріне шақырту алды. Турнирдің жүлде қоры шамамен жарты миллион долларды құрайды. Жеңімпаз ақшалай сыйлықтан бөлек әлемдік шахмат тәжіне үміткерлердің турниріне жолдама алады.

“Әлемдік шахмат тәжі – менің бұрыннан келе жатқан арманым. Мен арманымның жүзеге асуына осыған дейін талмай еңбектеніп келемін. Алдағы турнир менің белгілі бір жетістікке жетуіме жол ашатын турнирлердің бірі. Осы турнирге қатысу арқылы элиталық гроссмейстерлермен күш сынасу мүмкіндігіне ие боламын– дейді Динара.

Турнирге әлемнің 105 мықты шахматшылары қатысады. Grans Swiss-те шахмат тәжінің қазіргі иесі Магнус Карлсен де қатысады.

“Динара қазіргі жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, одан да биік белестерді бағындыру жолында тынбай еңбектену үстінді. Оның жетер жетістіктері әлі алда. Ол мықты қарсылас. Алда өтетін турнирде де жеңіске жетуге барлық мүмкіндігі бар. Жеңіске жету қолынан келеді,– деп сендірді спортшының менеджері Орал Өтешева.