ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ ВЛАДИМИР ДВОРКОВИЧ КУБОГЫНДА АЛТЫН АЛДЫ

Рамазан Жалмаханов әлемнің10 елінен жиналған  40 үздік шахматшы қатысқан Владимир Дворкович Кубогында жеке блицтің жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орындарды Беларусь спортшылары Вячеслау Зарубитски мен Денис Лазавик иеленді.

“Біздің команда лайықты өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте әлемнің он үздік жасөспірімдер командасы арасында 4 – ші орынға ие болды, ал командалық рапидтің 6 – шы турында біз турнир фавориттерінің бірі – Ресей құрамасын жеңдік”, – дейді шахмат бойынша Қазақстан балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Ануар Исмағамбетов.

Командалық есепте алтын жүлдені Беларусь юниорлары жеңсе, екінші орынды Қытай шахматшылары иеленді, ал қола жүлде ресейлік командаға бұйырды.

“Дворкович кубогы алғаш рет Ресейден тыс жерде өткізілгенімен қоса, Қазақстандық шахмат федерациясы кубокты өткізу тарихында чемпионаттың үздік ұйымдастырылуын қамтамасыз еткенін сеніммен айтуға болады”, – деп турнирдің құрметті қонағы Галина Львовна Дворкович мойындады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жасөспірімдер мен қыздар арасында шахматтан халықаралық командалық турнир – Владимир Дворкович Кубогы өтті. Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің үздік командалары Кубок пен $16 000 жүлде қоры үшін сынға түсті. Владимир Дворкович кубогы-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлемнің үздік құрамаларын дәстүрлі түрде анықтайтын жыл сайынғы шахмат турнирі.

Партнеры:

 

 

 

 

 

Информационные партнеры КФШ: