АРКАДИЙ ДВОРКОВИЧ БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВТЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүкіләлемдік шахмат федерациясының президенті Аркадий Владимирович Дворкович Бейбіт Атамқұловты жаңа лауазымы – Қазақстан шахмат федерациясының президенті болуымен құттықтады.

Аркадий Владимирович құттықтау сөзінде Қазақстанда шахмат кеңінен таралғандығын, сондай-ақ қазақстандық шахматшылардың бүкіл әлемге белгілі екенін атап өтті.

ФИДЕ президенті ҚШФ-на жаңа сайланған Президентінің беделі мен үлкен тәжірибесі шахмат ойындарының одан әрі шарықтайтынына оң серпін беретініне сенім білдірді.