ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫЛАР АЗИЯ ҰЛТТАРЫ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН АЛЫП КЕЛДІ

Шахмат бойынша Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия Ұлттары Кубогынан 12 медальмен қайтты. 2 алтын медальді Ринат Джумабаев және Гулісхан Нахбаева алып келді.

Иранның Хамадан қаласында өткен жарыста біздің спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 8 қола жүлделерді жеңді. Сайыс классикалық, рапид және блиц шахмат бойынша өтті.  Қазақстанның спортшыларЫ жеке есепте керемет нәтижелерді көрсетті.
Рапид бойынша турнирде бірінші тақтада алтын медальдің дара иегері болып Қазақстан құрама Командасының жетекші шахматшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев ( ЭЛО рейтингі 2608) табылды. Құрамамыздың сандықшасына күміс медальді блиц бойынша жарыста гроссмейстер Петр Костенко (2451), ал қоланы оның командадағы қызметтесі, классика бойынша турнирдің үшінші тақтасында өнер көрсеткен Муртас Кажгалеев (2575) әкелді.
Тағы да турнир дебютанты, 18 жасар халықаралық мастер, Павлодарлық  Денис Махнев (2438) көзге көрінді. Классикалық шахмат және блиц бойынша жарыстарда ол екі қола медальдарды жеңіп алды. Классикада Денис жеті турдың бес бөлімін өткізді және де олардың төртеуі оның жеңісімен аяқталды. Ал блицте ол үшін бес ойын сәтті болды.
— Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды, оған қоса қарсыластар өте мықты болды. Жарыстың аяқталу турнирінде біз қазіргі Кубоктың қола жүлдегерлері – Қытай құрамасымен ойнадық. Мен жеңісті олардан тартып алдым, бұл жағдай біздің командамызға жалпы есепте қарсылықты теңдікке жеткізуге мүмкіндік берді, – деп Денис Махнев өзінің ойыннан алған әсерімен бөлісті.
Әйелдер арасында классика бойынша турнирде  үшінші тақтада Гулісхан Нахбаеваға (2352) тең келетіні болмады – алтын медаль. Тағыда бір медаль – қола – халықаралық ерлер шебері Жансая Әбдүмәлікке (2481) бұйырды. Блицте халықаралық әйелдер шебері Гульмира Даулетова (2273) жарқырады – күміс медаль. Өздерінің тақташаларында блиц бойынша сайыста екі қола медальдарды Гүлісхан Нахбаева және турнир дебютанты, Қызылордалық  Асель Серікбай (2118) жеңді. Екі қоланы – рапид және блиц бойынша Қазақстанға халықаралық ерлер шебері Динара Сәдуәқасова  (2495) алып келді.

— Біз шахматшыларымыздың дайындалуына көп назар аударамыз.  Жылына екі рет оқұ-жаттығу жиындарына атақты Ресей гроссмейстерлері – Юрий Яковичті, әйелдер құрамасының және Владислав Ткачевті ерлер құрамасының шеберлігін арттыру үшін шақырамыз. Біз үшін келесі маңызды уақиға  – 43 шахмат Олимпиадасы. Ол қыркүйектің 23-нен қазанның 6-на дейін грузин қаласы Батумиде өтеді, – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко бөлісті.

Континентальды шахмат біріншілігінде – Азия Ұлттары Кубогына бұл жылы 11 елдің құрамасы қатысты. Классикалық шахмат бойынша ерлер арасында Қазақстан төртінші болып, ал еліміздің әйелдер құрамасы алтыншы болып мәреге жетті.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ