АСТАНА – ЕЛІМІЗДІҢ КОМАНДАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ЧЕМПИОНЫ

12 қазанда Қарағандыда Қазақстан Республикасының Сәкен Сейфуллиннің естелігіне арналған, жылдам шахмат (рапид) бойынша 2018 жылғы командалық чемпионаты аяқталды. Астаналық шахматшылар жеңіске бірінші болып жеттті. Екінші орында – Қостанай облысының спортшылары. Құрметті қола жүлдеге Алматының шахматшылар ие болды.
Астана чемпионатта үздік нәтижелер көрсетті. Қарсыластарынан сенімділікпен озып, 9 тур қорытындылары бойынша астаналық сопртшылар 16 ұпай жинап алды (алтын медальдер). Қостанай облысы спортшыларының Қызылорда облысының спортшыларымен ойыны бір рет қана тең аяқталып, астаналықтардан ұтылып қалды. Қорытындыда 13 ұпай және күміс медальдер. Үш рет жеңіліп (Астанадан, Қостанай және Қарағанды облыстарынан), 10 ұпай мен қола медальдерді Алматылық спортшылар иеленді.
Бірінші тақтадағы орындар келесі түрде үлестірілді: Бірінші орында халықаралық гроссмейстер (GM), Қазақстанның қыздар құрама командасының бас бапкері, Қарағандының абыройын қорғаған Рустам Хуснутдинов. Екінші орында –Астанадан келгенФИДЕ (FM) шебері Қазыбек Нөгербек. Үшінші орында – Орал шахматшысы Азамат Утегалиев.

Екінші тақтада GM Нұрлан Ибраев (Астана) ең үздік болып атанды, екінші орында – спорт шеберіне кандидат (CM) Тимур Нұржанов (Қостанай), үшінші орынды Алматылық шахматшы Иван Мезенцев ұтып алды.

Үшінші тақтада 1-орында Алматылық халықаралық шебер (ІМ) Аян Ахметов, 2-орында – Орал қаласынан келген IM Жанат Сайын, ал 3-орынға Қостанай облысынан келген CM Юрий Мазунин жайғасты. Соңында, төртінші тақтай: 1-орын – FM Мария Кованова (Қарағанды облысы), 2-орын – CM Амина Қайырбекова (Астана), 3-орын –Қызылорда облысының CM Сақыпжамал Бармағамбетова.
Жылдам шахмат бойынша еліміздің командалық чемпионатының бас төрешісі – халықаралық арбитр Олег Ринас.

ҚШФ бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестігі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ АҚПАРАТ