КЛАССИКАЛЫҚ ШАХМАТ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН 2019 ЕРЕСЕКТЕР КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ

2019 жылдың 15-24 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының финалы өтеді.

Ерлер финалына мыналар кіреді:
– 2019 жылдың 3 кезеңінің нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған 4 қазақстандық шахматшы;
– ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша 4 шетелдік қатысушы;
– 2018 жылғы ерлер арасындағы ҚР Кубогының финалының 1 жеңімпазы;
– Қазақстан шахмат федерациясынан 1 үміткер.

Әйелдер арасындағы финал құрамына кіреді:
– 2019 жылдың 3 кезеңінің нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған 4 қатысушы;
– ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша 4 шетелдік қатысушы;
– 2018 жылғы әйелдер арасындағы ҚР Кубогының финалының 1 жеңімпазы;
– Қазақстан шахмат федерациясынан 1 үміткер.

Қазақстан шахмат федерациясынан үміткерлердің тізіміне қосуға өтінімдер 2019 жылы 2 желтоқсан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Өтінімдер office@kazchess.kz электронды поштасы арқылы жіберіледі

Финалға қатысуды растайтын соңғы мерзім – 2019 жылғы 5 желтоқсан. Өтінімдер cshkastana@mail.ru электронды поштасына жіберілу керек.

Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының финалдық кубогының жеңімпазы, егер ол ҚШФ мүшесі (спортшы) болса, 2020 жылы ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына қатысу құқығын алады.

Әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының финалының жеңімпазы, егер ол ҚШФ мүшесі (спортшы) болса, 2020 жылғы әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына қатысу құқығын алады.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді.

Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО, әлеуметтік серіктесі –  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

КФШ ақпараттық серіктестері: