ЕРЕСЕКТЕР КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

2019 жылы 11-21 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахмат бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының финалы өтеді.

Ерлер арасындағы финалға мыналар кіреді:
– 2019 жылдың 3 кезеңінің нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған 4 қазақстандық шахматшы;
– ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша 4 шетелдік қатысушы;
– 2018 жылғы ерлер арасындағы ҚР Кубогының финалының 1 жеңімпазы;
– Қазақстан шахмат федерациясынан 1 үміткер.

Әйелдер арасындағы финалға мыналар кіреді:
– 2019 жылдың 3 кезеңінің нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған 4 қатысушы;
– ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша 4 шетелдік қатысушы;
– 2018 жылғы әйелдер арасындағы ҚР Кубогының финалының 1 жеңімпазы;
– Қазақстан шахмат федерациясынан 1 үміткер.

Қазақстан шахмат федерациясынан үміткерлердің тізіміне қосуға өтінімдер 2019 жылы 5 желтоқсан сағат 18: 00-ге дейін қабылданады. Өтініштер raushan.k@kazchess.kz электронды поштасына жіберілу керек.

Финалға қатысатындығын растайтын соңғы мерзім – 2019 жылғы 5 желтоқсан. Өтініштер raushan.k@kazchess.kz электронды поштасына жіберіледі

Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының финалдық кубогының жеңімпазы, егер ол ҚШФ-ның мүшесі (спортшы) болса, 2020 жылы ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына қатысу құқығын алады.

Әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының финалының жеңімпазы, егер ол ҚШФ-ның мүшесі (спортшы) болса, 2020 жылғы әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына қатысу құқығын алады.

ҚР ЕРЕСЕКТЕР КУБОГЫ ФИНАЛЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

ҚР  ЕРЕСЕКТЕР КУБЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен «Алматы Марафон» негізін қалаушысы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері: