ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АҚТЫҚ ОЙЫНЫ: АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ!

11111111

2-13 мамыр аралығында Алматы қаласында әйелдер мен ерлер арасында шахматтан Қазақстан Республикасы Чемпионатының ақтық ойыны өтеді. Бұл чемпионаттың қатысушылары болып алдыңғы кезеңдерінде жеңіске жеткен 22 спортшы табылады. Чемпионаттың ақтық ойыны дөңгелек жүйе бойынша әйелдер арасында тоғыз, ерлер арасында он бір турдан халықаралық рейтингті есепке ала отырып өткізіледі. Бірінші және екінші орынды иеленген жеңімпаздар осы күзде Баку қаласында (Әзербайжан) өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына ұлттық құрама қатарында қатысу құқығына ие болады.

Республикалық Чемпионатқа Қостанай, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларының шахматшылары қатыспақшы. Ерлер арасындағы жеңіске үміткерлердің қатарында Ринат Джумабаев, Муртас Кажгалеев және Рустам Хуснутдинов болса, әйелдер арасында бұл -Жансая Абдумалик, Мадина Давлетбаева және Гульмира Даулетова.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 млн. 700 мың тенге.

Еліміздің осы чемпионатының басты ерекшелігі – барлық ойындар интернетте тікелей көрсетілімде беріледі. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалымжан Есенов осыған қатысты келесідей түсініктеме берді:

— Қазақстанда осыған дейін елімізде өткен тек қана халықаралық турнирлердің партиялары тікелей көрсетілімде берілген еді. Бірақ жақында біз қажетті жабдықтарды, яғни электрондық тақталар мен Swiss Manager деп аталатын жеребеге арналған бағдарламаны сатып алдық. Бұл бағдарлама әлемдегі жетекші шахмат турнирлерінде пайдаланылады. Қазақстан Чемпионатының ақтық ойындарының тікелей таратылымын тексеру жоспарымызда. Одан кейін Еуразия Кубогының ойындарын маусым айында дәл осы жолмен онлайн түрде көрсететін боламыз. Мен еліміздің барлық өңірінен жиналған қатысушыларға сәттілік, қызықты ойындар және жеңіс тілеймін.

Жарыстар Қазақстан Шахмат Федерациясының ұйымдастыруымен және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен өткізіледі. Чемпионаттың ақтық ойынының марапаттау салтанатында Қазақстан Шахмат Федерациясының Президентінің қатысуы күтіледі. Федерация президенті наурыз айында Абу-Даби қаласында өткен Азия Ұлттарының Кубогы командалық чемпионатында жеңіске жетіп қола медальді иеленген Ұлттық құраманың

12 шахматшысы мен жаттықтырушыларын ақшалай сыйлықтармен марапаттайтын болады.

_____________________________________________________________________________________Қазақстан Шахмат Федерациясы (ҚШФ) – шахмат спортын дамыту, ел ішінде шахматтан жарыстарды ұйымдастыру, және халықаралық жарыстарға үздік шахматшыларды дайындау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1992 жылы құрылды.

 Акад. Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры – Қазақстанда білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту мақсатында 2013 жылы құрылған. Қордың миссиясы – Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыру.

Қосымша ақпарат алу үшін Гүлмира Дәулетоваға хабарласуыңызға болады:  +7 (727) 327 02 04, ұялы тел. +7 (701) 3441133