ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҚР КУБОГЫ ФИНАЛЫ, БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚР КУБОГЫ ФИНАЛЫ

Центральный шахматный клуб

2016 жылдың 17-24 желтоқсан аралығында “Astana” Орталық шахмат клубында (І.Жансүгіров көшесі 8/2) Ерлер мен әйелдер арасында ҚР Кубогы Финалы және Балалар арасындағы ҚР Кубогы Финалы өтеді.

Турнир айналмалы жүйе бойынша халықаралық рейтинг есебімен өтеді. Сайыстың ұйымдастырушылары –  Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт Комитеті, Қазақстан шахмат федерациясы жене “Astana” Орталық шахмат клубы. Шахматтан Қазақстан Кубогының бас демеушісі Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми–білім беру қоры.  Турнирдің жүлде қоры 3 млн. тенге.