Болат Кабыжанов Германияда

foto_anons3

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан 2015 жылғы Әлем Чемпионаты Дрезденде басталды.

Қазақстандық спортшы, халықаралық жарыстардың бірнеше мәртелі жүлдегері Болат Кабыжанов Әлем Чемпионатына қатысады.

Болат Кабыжанов в Германии

Семей қаласынан келген шахматшы 3 үпай алып үздік топ құрамына кіреді.

 

Ұйымдастырушылардың пресс-релизі.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан 2015 жылғы Әлем Чемпионаты Windham Garden Dresden отелінде Филармония залында 2015 жылғы 17 қазан күні сағат 19.00-де Ашылу Церемониясынан басталды.

Осы жыл Чемпионат жеке жарыстарға қатысу үшін 14 ұлттық федерациядан 67 қатысушыны жинады. 14 команда Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан 2015 жылғы Әлемнің Командалық Чемпионатында Әлем Чемпионы атағына күреседі. Әлем Чемпионаты Дрезденде екінші рет өткізіледі және   ZMDI Schachfestival Dresden e.V ұйымдастырылған.

Ашылу рәсімі ZMDI Schachfestival Dresden e.V. Президенті доктор Дирк Джорданның алғы сөзімен басталды. Доктор Джордан чемпионат қатысушылары мен қонақтарына сәлем беріп турнирді ұйымдастырып өткізуге қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді және қатысушыларға жақсы ойын мен жеңіс тіледі.

Чемпионаттың ашылу рәсіміне Саксония Премьер Министрі д-р Станислав Тилик, Дрезден қаласының басшысы доктор Питер Леймс, Германияның Шахмат Федерациясының Президенті Херберт Бастиан мырза, мүмкіндіктері шектеулі адамдарған арналған шахмат ФИДЕ комиссиясының Төрағасы Найджел Фриман мырза қатысты.

Чемпионат қатысушыларына Дрездендегі Чемпионатқа қатысатын федерациялардың жалауларымен балалар орындаған әдемі нөмір ұсынылды.

Ертең, 2015 жылғы 18 қазан күні таңғы сағат 9.30-да мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан әлем Чемпионаты басталады.