ШАХМАТ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

2019 жылдың 7-8 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында  мемлекеттік қызметкерлер қатысатын «Зияткер Ұлт – Интелектуальная нация» шахмат турнирі өтеді.

Жарысқа мемлекеттік қызметте кемінде 1 жыл тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы билігінің орталық органдарының құрамалары жіберіледі. Қатысушылар ұйымдардың ресми қызметкерлері болуы керек.

Ұйымның басшылығы (немесе жауапты адам) команданың қатысуы үшін толтырылған өтінімді 2019 жылдың 3 желтоқсанына дейін жіберуі керек. Турнирге жіберілген команда қатысушылары өз ұйымдарының нышаны бар форма кигені абзал.

Жедел шахмат турнирі жеке командалық турнир болып табылады және швейцариялық жүйеге сәйкес 9 турда ерлер мен әйелдер үшін бөлек өткізіледі.

Турнирге қатысу туралы өтінімді ұйымдастыру комитетінің astana@academyofchess.kz электронды поштасына 2019 жылғы 3 желтоқсанынан кешіктірмей жіберу керек.

ЕРЕЖЕ