МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан “Зияткер ұлт” 1 Республикалық турнирі аяқталды”.

Жеңіс үшін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері күресті.  Жарысқа 27 команда қатысты.


Бірінші орынды Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің құрамасы қанжығасына байлады. Екінші орынды Ұлттық Экономика Министрлігінің қызметкерлері иеленді. Қола Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің командасына бұйырды.


Сонымен қатар, турнирде жеке есеп бойынша жүлделер тағайындалды. Ерлер арасында үштікке төмендегі ойыншылар кірді:
1 орын – Серік Абдрахманов, “Әкімшілік ғимараттар дирекциясы” РМК қызметкері;
2 орын – Абданбеков Арман, Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің өкілі;
3 орын – Нушаруан Лесбекұлы, ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің қызметкері.

Әйелдер арасында жеке есеп бойынша:
1 орын – Алмагүл Тоғызбаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі;
2 орын – Марал Шәріпова, ҚР Қаржы министрлігі;
3 орын-Замира Бекмұратова, ҚР Қорғаныс министрлігі.


Турнирдің ұйымдастырушылары –  ҚР Спорт және Мәдениет Министрлігінің қолдауымен “Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы”, Қазақстан шахмат федерациясы, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры, “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы.