ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА ЖЕТІНШІ МӘРТЕ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

Алматыда әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, онда 9 раундтан кейін гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева жетінші рет ел чемпионы атанды. Вице-чемпион атағына Гүлмира Дәулетова ие болып, Мадина Дәулетбаева қола жүлде иегері атанды. Ел чемпионы атағы үшін күресте және жүлде қорына 2,5 млн теңге бөлінген жарыста Республиканың 10 шахматшысы қатысты.

ФОТО

“Командалық әлем чемпионатынан кейін республикалық біріншілік – күрделі турнир емес. Алайда, бұл үлкен жаңылыс. Менің барлық қарсыластарым-мықты шахматшылар. Бірақ, мен барынша күш салып, жеңіске жетемін”– дейді Гүлісхан.

Қазақстан чемпионы 600 000 тг. ақшалай сыйлықтан бөлек, жеке Азия чемпионаты мен аймақтық турнирде елден ресми қатысушы болу құқығын алады. Турнир қорытындысы бойынша 4-тен 10-ға дейінгі орындар сәйкесінше: Әсел Серікбай, Зейнеп Сұлтанбек, Альфия Насыбулина, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова, Елена Анкудинова және Аружан Шаукенге бұйырды.

“Біздің чемпионымыз қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, ҚазКСР-ның 11 дүркін чемпионы Аида Мүслімованың рекордын көтермекші”, – дейді Қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Әйелдер финалы ФИДЕ рейтингін есептеумен 9 раундта айналмалы жүйе бойынша өтті. Чемпионатқа өткен жылғы финалдың жүлдегерлері, ағымдағы жылдың жартылай финалының жүлдегерлері, сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшелері қатысты.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.