ШЕБЕР САБАҒЫ

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық шебер, Норвегиядағы Әлемдік олимпиаданың қола жүлдегері, беделді әлемдік шахмат турнирінің бірнеше мәрте жүлдегері Гүлмира Дәулетова АТФ Банкы қызметкерлеріне жолдау жасады.

Спортшы ерекше жағдайларды мысалға ала отырып, шахмат логикасын банк секторындағы стратегиялық бизнесті дамытуда, сондай-ақ күнделікті өмірдегі проблемаларды шешуде қалай қолдануға болатыны туралы әңгімелеп берді.

«АТФ Банкы қазір жаңа стратегияны енгізіп жатыр. Осыған орай, оның қызметкерлеріне стратегиялық ойлау  және тез шешім қабылдау дағдыларын дамытудың маңызы артып отыр, – деп түсіндірді Гүлмира, – Шахмат – бұл мағынада, назар шоғырландырудың, аналитикалық дағдыларын және есте сақтауды дамытудың тиімді жолы».