ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА СЕРБИЯДАҒЫ ЕРЛЕР ТУРНИРІНДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Гүлмира Дәулетова Сербияда IM Round robin Third Saturday 129 турнирін жеңіп, әйелдер гроссмейстерінің үшінші балын және ерлер шеберінің бірінші балын орындады. Турнир 11 турда өтті, алайда 10 турдан кейін қазақстандық шахматшы 11 мықты Шахматшыны артта қалдырып, мерзімінен бұрын жеңіске жетуіне кепілдік берді.

“Бұл мен үшін күрделі турнир болды – мен күн сайын ерлермен ойнадым, өйткені турнирде екі қыз ғана болды. Турнирге әлемнің 7 елінен 12 шахматшы қатысты, бұл әртүрлі шахмат мектептерінің өкілдерімен ойнауға мүмкіндік берді”.

Гүлмира он бір турда бірде-бір партиядан ұтылмай 9 ұпай жинады. Спортшы ЭЛО рейтингісін 65 пукнтқа көтере алды. Турнир Сербияның Нови Сад қаласында 2020 жылдың 14-20 ақпан аралығында өтті.

Гүлмира үздік шетелдік мамандардың бірі Арман Пашикянның жетекшілігімен жаттығады. Және бұл жаттығулар жемісті нәтижелер көрсетуде. Арман Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып табылады және оның бастауымен Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы командалық әлем чемпионатында бестікке кірді.

Гүлмира Дәулетова Қазақстан әйелдер құрама командасының мүшесі, Норвегиядағы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері (2014), қыздар арасындағы Азия чемпионы, Азия ұлттары Кубогының күміс жүлдегері, Макао жабық бөлмелеріндегі Азия ойындарының қола жүлдегері, түркі тілдес елдер студенттері арасындағы Универсиаданың чемпионы, әйелдер арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Мәскеудегі “Аэрофлот-Опен С” ерлер халықаралық турнирінің жеңімпазы, Чехиядағы “Czech Open A” және Испаниядағы “V Open International St Casablanca” халықаралық турнирлеріндегі әйелдер арасындағы ең үздігі.